Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үкімет Петропавлдағы жылу магистралін жөндеуге 650 млн теңге бөлді

kz.kursiv.media

Үкімет Петропавлдағы жылу магистралін жөндеуге 650 млн теңге бөлді

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавлдағы қаласындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңге қаржы бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Бұл магистраль 30 мыңнан астам тұрғынды жылумен қамтамасыз етуі керек.

Жалпы Петропавлдағы № 2 магистралдің 2 шақырымнан асатын бөлігі жөндеуді қажет етеді. Оның 0,7 шақырымы былтыр жаңартылған. Ал биыл 1,4 шақырым демонтаждалып, жаңа жылу желілері тартылады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бері электр станцияларындағы 10 энергия блогына, 63 қазандық пен 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр тарату желісі жаңартылып, 420 қосалқы станция жаңғыртылды және ең көп тозған 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде елдегі электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейі 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейі 50%-ға дейін төмендеді.

Ал мамырда үкімет Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға 5,8 млрд теңге бөлген еді. Оның 3 млрд теңгесі қаланың электр желілерін реконструкциялауға, ал 2,8 млрд теңгесі ұзындығы 8,3 шақырым жылу магистралін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға жұмсалмақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар