Қырғызстан Қазақстанның 1,7 тонна қауынын шекарадан өткізбей қойды
Қырғызстан 1,7 тонна қауынды Қазақстанға кері қайтарды. Ресми себеп – фитосанитарлық сертификаты болмауы.
24.kg ақпаратына қарағанда, Қырғызстанның Өсімдіктерді химияландыру, қорғау және карантин департаментінің Шу-Бішкек басқармасы «Шалдовар» өткізу бекеті маңындағы бақылау бекетінде Қазақстаннан жеткізілген қауын партиясын кіргізбеген.
Ведомствоның мәліметінше, тексеру кезінде карантиндік фитосанитарлық талаптардың бұзылғаны анықталған.
Атап айтқанда, өнім партиясына фитосанитарлық сертификат қоса ұсынылмаған.
Осыған байланысты жүк Қазақстандағы жөнелтушіге кері қайтарылды.
Айта кететін жайт, Түрікстан облысы Жетісай ауданында диқандар егіс алқабынан 65 тонна қауын жинап алған-ды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 шілде 2026