Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жолаушылар тасымалдайтын компания басшыларына 278 млн теңге сыйақы төлеген

kz.kursiv.media

Жолаушылар тасымалдайтын компания басшыларына 278 млн теңге сыйақы төлеген

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының басшылары 2025 жылы 278,2 млн теңге сыйақы алған. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийіндегі хабарламада жазылған.

Компания топ-менеджерлеріне 2024 жылы 253,6 млн теңге төленгенін ескерсек, былтыр алған сыйақысы 25 млн теңгеге көбейген.

Ресми құжатқа сәйкес, компания басқарма құрамына былтыр 6 адам енді. Олар: Айбат Қанғалиев, Руслан Абдуллин, Алмас Жаманбеков, Игембаев Төлеген, Дияр Нүсіпқожанов, Әбибулла Әлмұратов.

Жолаушылар теміржол операторы – «Қазақстан темір жолының» еншілес компаниясы. Ол 500-ден астам теміржол вагонынан тұратын паркті басқарады. Сонымен қатар 50-ден астам тұрақты бағытқа қызмет көрсетеді. Компания биыл Stadler вагондарын алуы тиіс.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы үшін 2025 жыл қаржылық тұрғыдан оңай болған жоқ. Былтыр серіктестіктің шығыны 25,1 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (14,4 млрд теңге) айтарлықтай асып түсті.

Десе де, бұл қиындықтар кәсіпорынның табыс көлемін еселеуге кедергі бола алмады: компания түсімі 150,4 миллиардтан 174,8 млрд теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар, ұлттық тасымалдаушының жұмысын ширату мақсатында мемлекет тарапынан 34,4 млрд теңге көлемінде субсидия түрінде демеу көрсетілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар