Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жарына опасыздық жасағандарға айыппұл салынады - Ресей депутаттары

kz.kursiv.media

Жарына опасыздық жасағандарға айыппұл салынады - Ресей депутаттары

Ресейде некедегі адамдардың жарына опасыздық жасағаны және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды.

Mash ақпаратына қарағанда, Мемлекеттік дума Отбасы кодексіне азғындыққа қарсы өзгеріс енгізбек.

Бастама авторларының айтуынша, егер өзгерістер қабылданса, ерлі-зайыптылар неке шартында қандай әрекет опасыздық болып саналатынын (мысалы, бір реттік сүйісу немесе ұзақ уақыттық көңілдестік), оны қалай дәлелдеуге болатынын, оған қандай жаза қолданылатынын немесе ажырасқанда мүліктің қалай бөлінетінін алдын ала белгілей алады.

Қазіргі заңнама бойынша неке шартында тек мүлікті бөлу мәселелері қарастырылады.

Сондай-ақ құжатқа тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған жұбайдың жәбірленушіге өтемақы төлеуі немесе мүліктен айырылуы туралы тармақтарды енгізу ұсынылған.

Бастама авторларының бірі, заңгер Валерия Рытвинаның айтуынша, мұндай шарттар неке келісіміне тек екі тараптың ортақ байламымен енгізіледі.

Заң жобасын сенатор Айрат Гибатдинов Мемлекеттік думаға енгізуге уәде берген.

Айта кететін жайт, Қазақстанда психологтар мен коучтар жайлы заң қабылданды. Сенат отырысында депутат Амангелді Есбай псевдокоучтар мен дипломы жоқ психологтар елдегі отбасы институтын бұзып жатқанын айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар