Аятолла Хаменеиді төрт айдан кейін жерлегелі жатыр
Бүгін Иран халқы 37 жыл билікте болған аятолла Әли Хаменеиді жер қойнына тапсырады. Жерлеу рәсімі Мешхед қаласында өтуі керек.
Кейбір жергілікті БАҚ 9 шілдеде таңертең басталуы керек болған жерлеу рәсімі кешкі уақытқа ауысуы мүмкін деп жазды. Көрші Иракта аятолламен қоштасу рәсімдері әлі аяқталмағандықтан осындай шешім қабылданған. Наджаф және Кербела қалаларындағы салтанатты қоштасу рәсімдері әлі жалғасып жатқан көрінеді. Соған орай аятоллла денесі салынған табытты Мешхедке жеткізу кері шегерілген. Бірақ бұл ақпаратты Иран үкіметі, өзге де ықпалды БАҚ растаған жоқ.
Әли Хаменеимен қоштасу рәсімдері 4 шілдеде басталған. Қайтыс болғанына 120 күннен асқан діни көсеммен қоштасу Иран мен АҚШ арасындағы соғысқа байланысты кейінге қалған еді. Екі тарап уақытша бітімге келген соң арнайы рәсімдер басталып, ол жеті күнге созылды. Имам Хомейни Мусалла атындағы орталық мешітке қойылған табытты соңғы рет көруге ондаған мың адам жиналды.
Қазақстан атынан Аятолла Хаменеймен қоштасу рәсіміне Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев барды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 шілде 2026