Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанның ұны мен астығын негізінен Өзбекстан мен Ауғанстан сатып алады

kz.kursiv.media

Қазақстанның ұны мен астығын негізінен Өзбекстан мен Ауғанстан сатып алады

Қазақстан 2025 жылдың маусымы мен 2026 жылдың маусымы аралығында 13 млн тоннада аса астық пен ұн экспортқа шығарған. Қазақстандық астықтың негізгі тұтынушысы – Өзбекстан мен Ауғанстан.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, осы кезеңде сатылған астық өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Ол кезде экспорт көлемі 11,6 млн тоннаны құраған.

Экспорттың артуына Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жеткізілген қнім көлемінің артуы себеп.

Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 38%-ға өсіп, 3,9 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға жетті. Ал Ауғанстанға сатылған астық 1,4 млн тоннадан 2,2 млн тоннаға жетті.

Қырғызстан Қазақстаннан 504 мың тонна астық пен ұн сатып алса, Түрікменстанға 205 мың тонна өнім жеткізілген.

«Жүк тасымалы көрсеткіштерінің оң серпіні қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін және оңтүстік бағыттағы логистикалық дәліздердің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді», – делінген хабарламада.

2026 жылы елде 23,8 млн гектар жерге егін егілді, бұл 2025 жылғымен салыстырғанда 180 мың гектарға артық.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар