Ұлттық мұнай компаниясының топ-менеджерлері 2025 жылы жарты млрд теңге алған
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқама құрамы 2025 жылы 519 млн теңге сыйақы алған. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.
Топ-менеджерлердің жалақысы жыл сайын өсіп отыр. 2023 жылы 388 млн теңге сыйақы төленсе, 2024 жылы 497 млн теңгеге жеткен.
Ресми дерекке сәйкес, қазір мұнай алыбының басқама құрамына басқарма төрағасы Асхат Хасенов бастаған 9 адам кіреді. Олар. Құрманғазы Исқазиев, Болат Зәкіров, Диана Арысова, Руслан Балықбаев, Бекзат Абайылданов, Әсет Мағауов, Шавкат Құдабаев пен Қазбек Құсайынов.
Шавкат Құдабаев пен Қазбек Құсайынов ҚМГ басшылығындағы қызметке 2025 жылдың ақпан-сәуір айларында келген.
Орта есеппен алғанда, ір топ-менержерге шақсақ, төлеген сыйақы 58 млм теңгеге жуықтайды. Алайда әр басшының жалақысы әртүрлі болуы мүмкін.
2025 жылдың соңында компанияның таза пайдасы 1 триллион 72 миллиард теңгені құрады. Әсіресе, компанияның ірі жобалардан (Теңізшевройл, Каспий құбыр консорциумы) алған дивидендтері бір жылда 40%-ға өсіп, 985 млрд теңгеге жеткен.
Таза пайданың 350 млмр теңгесін дивиденд ретінде төледі.
Ұлттық мұнай алыбы акцияларының 68,7 пайызы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына тиесілі. Тағы 20 пайыз үлесі Қаржы министрлігіне тиесілі болса, Ұлттық банктің меншігінде 9 пайызы бар. Қалғаны еркін айналымды жүр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 шілде 2026