Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Конституциялық сот президент өтінішін қарады

kz.kursiv.media

Конституциялық сот президент өтінішін қарады

Конституциялық сот жаңа Конституциядағы лауазымды адамды тағайындау мен сайлау мәртесі туралы нормаларға түсініктеме берді.

«2026 жылғы Конституцияның 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын осы конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек», – деп жазылған сот хабарламасында.

Яғни 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін конституциялық нормаларда аталған лауазымдар өз қызметіне алғаш рет сайланды не тағайындалды деп есептеледі. Бұл өзгеріске сәйкес, мемлекет басшысы Тоқаевтың осыған дейінгі президенттік мерзімі жойылып, жаңадан сайлауға түсе алады.

Қазіргі қолданыстағы Ата Заң бойынша, президент 7 жылға бір рет қана сайлана алады. Соңғы рет 2022 жылы 20 қарашада ресми президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оның президенттік мерзімі 2029 жылы аяқталуы керек.

Бұған дейін мәжіліс депутаты мемлекет басшысы енді сайлауға түспеуі мүмкін екенін айтқан. «Президентімізді билікке бар күшімен жабысып, оны бергісі келмейтін адам деп санамаймын» деген еді ол.

Еске салайық, бірінші шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар