Ресейдегі ең ірі мұнай зауытына жасалған шабуыл қазақ нарығына әсер ете ме
Ресейдегі мұнай-газ өңдеу зауыттарына жасалған шабуыл отандық нарыққа қаншалықты әсер етеді? Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев осы сұраққа жауап берді.
«Орынбор мұнай өңдеу зауытында болған жағдай біздің отандық зауыттардың жұмысына еш әсер етпейді. Екіншіден, шекаралық аймақтарда жанар-жағармай материалдарын тұтыну көлемі артып жатыр… Бізде қазір мұнай-газ қоры жеткілікті жиналған, халық үшін қандай-да бір тапшылық байқалмайды», – деді ол.
Еске салайық, 6 шілдеде Украина Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі Омбы зауытына соққы жасады. Оның алдында Орынбордағы ірі газ өңдеу зауытына дрондар шабуылдаған еді. Қазақстанда өндірілетін тауарлы газдың шамамен үштен бір бөлігі дәл осы Орынбордағы зауытта өңделеді. Бұл жағдайлар энергетика секторында алаңдаушылық туғызды. Министрлік жағдай бақылауда екенін айтып, газ тапшылығы болмайды деп уәде берді.
Дегенмен кей сарапшылар Ресей зауыттарына жасалған шабуыл Орталық Азияның отын нарығындағы дағдарысты одан әрі күшейтіп жіберуі мүмкін деп есептейді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 шілде 2026