Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тараздағы шулы той: Кортежге қатысқан жүргізушілер жауапқа тартылды

kz.kursiv.media

Тараздағы шулы той: Кортежге қатысқан жүргізушілер жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерде Таразда өткен үйлену тойы кортежінің бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр. Қымбат көліктерден құралған шеру жолда басқа жүргізушілерге қауіп төндіріп, апатты жағдай туғызған Halyqstan.

Көлік тізгіндеген жастар жолдың бірнеше бағытында қатар жүріп, басқа жүргізушілерге кедергі келтірді. Тіпті кортеждің ішінде полиция көлігі де байқалады.

Осы оқиғаға байланысты Тараз қалалық полиция басқармасы арнайы мәлімдеме жасады. Құзырлы органның түсіндіруінше, патрульдің көлік сол кортежді тоқтату кезінде видеоға түсіп қалған.

«Аталған патрульдік автокөлік бейнежазбаға жол ережесін бұзған жүргізушілерді тоқтату әрекеті барысында түсіп қалған. Қазіргі таңда төрт жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде заңсыз арнайы жарық белгілерін қолданған бір жүргізушінің ісі сотқа жолданды. Тағы бір көлік айып тұрағына қойылса, екі жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Кортежге қатысқан өзге де тұлғалардың аты-жөні анықталып жатыр»

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар