Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық кеңесінің орынбасары болып тағайындалды

kz.kursiv.media

Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық кеңесінің орынбасары болып тағайындалды

Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп жазылған хабарламада.

Ол еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылордадағы филиалында оқытушы болып бастады.

2001 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшілендіру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігінің бас маманы болып қызмет атқарды.

2001 жылғы желтоқсан айында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, кейін 2003 жылғы қыркүйектен бастап осы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.

2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Құқықтық қамтамсыз ету басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

2007-2008 жылдар аралығында «Kazakh Integrated Services» ЖШС және «CNRG Capital» ЖШС-ның Астана қаласындағы өкілдігінде заңгер болып қызмет етті.

2008-2016 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, аппарат басшысы лауазымдарын атқарған.

2016 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылғы сәуірден – 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.

2022 жылғы 9 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

«Құрмет» (2018), «Парасат» (2025) ордендермен және естелік медальдармен марапатталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар