Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бурабайда квадроцикл аударылып 22 жастағы қыз қаза тапты

kz.kursiv.media

Бурабайда квадроцикл аударылып 22 жастағы қыз қаза тапты

Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроцикл аударылып 22 жастағы қыз қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы оқиға 7 шілдеде Зеленый Бор және Бурабай кенттерінің арасындағы жолда болған. Қаза тапқан қыз Мәскеу қаласының 22 жастағы тұрғыны еді. Ал квадроциклде отырған тағы бір қыз – 19 жастағы Астана қаласының тұрғыны түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, техниканы жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы және апатқа әсер етуі мүмкін өзге де жайттар тексерілуде.

Ақмола облыстық Полиция департаменті курорттық аймақтың қонақтары мен тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.

Бұған дейін 15 маусымда Бурабайға барар жолда автобус апатқа ұшырап, 11 адам зардап шеккен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар