Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Миллиардер Кан мен Клебановқа тиесілі кәсіпорын топ-менеджері 87 млн теңге алған

kz.kursiv.media

Миллиардер Кан мен Клебановқа тиесілі кәсіпорын топ-менеджері 87 млн теңге алған

Forbes тізіміне кіретін Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «Павлодарэнерго» компаниясының директоры былтыр 87 млн теңге алған. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазылады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ атқарушы органы мүшелерінің 2025 жылғы сыйақысының жалпы мөлшері 86 937 949,14 (сексен алты миллион тоғыз жүз отыз жеті мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге 14 тиынды құрады. Атқарушы орган мүшелерінің пайдасына жасалған барлық төлемдердің жалпы мөлшері туралы мәліметтерге жалпы жалақы мөлшері мен ақшалай нысандағы бонустардың (сыйлықақылардың) барлық түрі туралы мәліметтер кіреді», – делінген хабарламада.

«Павлодарэнерго» – Павлодар аймағын электор энергиясымен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын. Оны бірнеше жылдан бері Олег Шемель басқарып келеді.

Аудиторлық есебіне сәйкес, кәсіпорынның 100 пайыз акциясы «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясына» тиесілі. Ал бұл мекеменің 47% акциясы Александр Клебановқа тиесілі болса, 47%-ы Сергей Канның иелігінде.

Олар ОАЭК арқылы «Павлодарэнерго» АҚ, «Павлодар Солтүстік су каналы» ЖШС, «СевКазЭнерго» және «Ақмола РЭК» компанияларына да иелік етеді.

Александр Клебанов – ең бай 75 бизнесмен рейтингінде 14-орында және Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені рейтингінде 40-орында тұр. Оның байлығы 850 млн долларға бағаланады. Ал Сергей Кан 450 млн долларға тең байлығымен ең бай 75 бизнесменнің арасында 31-орынға жайғасқан.

Бұған дейін Клебанов пен Кан Петропавл жылу желісін де мемлекет меншігіне өткізетіні хабарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар