Forbes әлемдегі ең дәулетті 10 адамның тізімін жаңартты
Әлемдегі ең бай адамдардың көбі АҚШ-та тұрады. Олар технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуының арқасында дәулеттерін арттырған.
Әлемде миллиардерлер саны артты
Тарихта алғаш рет миллиардерлер саны 3300 адамнан асты. Швейцариялық UBS қаржы холдингінің есебіне сәйкес, олардың көпшілігінің капиталы 50 миллиард доллардан аспайды. Қалғандарының дәулеті 100 миллиард долларлық межеден жоғары.
Швейцариялық UBS қаржы холдингінің есептемесіне сәйкес, соңғы бір жылда әлемдегі миллиардерлер саны 13%-ға өскен. Жер шарындағы ең дәулетті адамдардың көбі АҚШ-та тұрады. Сондай-ақ үздік үштікке Қытай мен Үндістан кіреді. Бестікті Германия мен Ресей түйіндеп тұр. Rейбір елдерде миллиардерлер саны, керісінше, азайған. Олардың қатарында Сауд Арабиясы мен Таиланд бар.
Forbes ең бай кәсіпкерлердің тізімін жаңартты. Бірінші орында дәулеті 1 трлн доллардан сәл асатын Илон Маск. Америкалық кәсіпкер капиталының негізгі бөлігін маусым айында Nasdaq биржасына шыққан SpaceX компаниясындағы үлесі құрайды. Екінші және үшінші сатыда – Google негізін қалаушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин орналасқан, олардың капиталы тиісінше 291 және 269 миллиард долларды құрайды.
Үздік бестікке, сонымен қатар, Amazon интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос пен Dell Technologies компаниясының жасаушысы Майкл Делл кірді. «Алтын ондықты» Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг, Oracle тең құрылтайшысы Ларри Эллисон, NVIDIA-дан Дженсен Хуанг, LVMH басшысы Бернар Арно және Berkshire Hathaway жетекшісі Уоррен Баффет аяқтайды.
Ал әлемдегі ең бай әйел болып америкалық Walmart көтерме және бөлшек сауда желісі негізін қалаушысының қызы Элис Уолтон қала бермек. Оның байлығы 121 миллиард долларға бағаланып отыр.
Бұған дейін Forbes Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімін жасаған. Олар байлықты қаржы және табиғи ресурстарды игеру саласындағы қызметі арқасында жинаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 шілде 2026