Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда барланған мұнай қоры 4 млрд тоннадан асады

kz.kursiv.media

Қазақстанда барланған мұнай қоры 4 млрд тоннадан асады

2025 жылғы 1 қаңтардағы жаңдай бойынша Қазақстандағы мұнайдың қоры 4 миллиард тоннадан асады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік есепте 319 мұнай кен орны бар. Оның ішінде 2,8 миллиард тоннадан астамы А+В+С1 санаттарына, ал тағы 1,4 миллиард тоннадан астамы С2 санатына жатады.

Бұдан бөлек, баланстан тыс қорлар 167 миллион тоннадан астам деп бағаланып отыр.

Сондай-ақ Ерлан Ақбаров елімізде 215 жер қойнауын пайдаланушы тіркелгенін айтты. Олардың басым бөлігі Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жұмыс істейді. Салалық компаниялардың 67%-дан астамы дәл осы аймақтарда шоғырланған.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда мұнай қоры 35 жылға жетеді. Яғни 2060 жылға дейін шығуы ықтимал.

Сарапшы бұл мерзім аяқталғаннан кейін, мұнай тек ішкі тұтыну қажеттіліктерін жабуға ғана жетеді деп тұжырымдайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар