Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда жедел жәрдем көлігі қарт кісіні қағып кетті (видео)

kz.kursiv.media

Павлодарда жедел жәрдем көлігі қарт кісіні қағып кетті (видео)

Павлодарда жедел шақыртуға бара жатқан реанимобиль бағдаршамсыз жаяу жүргіншілер өткелінде 76 жастағы әйелді қағып кетті.

Оқиға академик Сәтбаев көшесінде болған. Мәліметке сәйкес, жедел жәрдем көлігі бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан. Көліктің дабыл шамдары мен арнайы дыбыс белгісі қосулы болған.

Реанимобиль жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда зейнеткер әйел шыға келген.

Жол апатынан кейін 103 қызметінің мамандары зардап шеккен әйелге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дереу Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізді. Ал дәрігерлер бара жатқан шақыру басқа бригадаға берілді.

Жедел жәрдем жүргізушісінің әрекетіне құқықтық бағаны полиция береді. Қазір оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. 103 қызметі зардап шеккен әйелдің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кететін жайт, Атырауда көлік қағып кеткен жеті жасар қыздың әкесі жүргізушіге кешірім берді.

Публикация от ТИПИЧНЫЙ ПАВЛОДАР (@ti.pavlo)

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар