Тоқаев бірнеше елге Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан, Қатар, Мажарстан және Сербияға Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындап, бірқатар дипломатты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстанның Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Армениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Еске салайық, жуырда Президент «Қазақстан Халық кеңесінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметіне Қанатбек Жайсанбаевты тағайындады.
- Соңғы
- Шілде, 12
-
- Шілде, 11
-
-
- Шілде, 10
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 09
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 шілде 2026