Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада 20-дан аса адам зейнетақыны заңсыз алып келген

kz.kursiv.media

Астанада 20-дан аса адам зейнетақыны заңсыз алып келген

Астанада жыл басынан бері зейнетақыны заңсыз тағайындаудың 22 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов мәлімдеді.

Заңсыз төленген қаражаттың жалпы көлемі 2,9 млн теңгені құрады. Оның 2 млн теңгеден астамы республикалық бюджетке қайтарылған.

Департамент басшысы зейнетақы рәсімдеу кезінде азаматтар тек шынайы мәліметтерді ұсынуы және заңнама талаптарын сақтауы қажет екенін еске салды.

«Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында департамент зейнетақымен қамсыздандыру және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау саласы бойынша 63 398 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға көп. Бұл мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларына сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Көрсетілген қызметтердің ең үлкен үлесі зейнетақы төлемдерін тағайындауға тиесілі болды. Бұл бағытта 18,8 мың қызмет көрсетілді», – деді Асқар Аймағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазір елордада 157 мыңнан астам адам зейнетақы алады.

Брифинг барысында спикер еңбек кітапшасында қате болса, еңбек өтілі қалай есептелетінін де түсіндіріп берді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар