Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында бір жыл бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

kz.kursiv.media

Алматы облысында бір жыл бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Алматы облысында 2025 жылдың қазан айында із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды.

AstanaTV телеарнасының мәліметінше, Қараой ауылының 1984 жылы туған тұрғыны үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Содан соң оның жолдасы полицияға арызданған. Құқық қорғау органдары көрші аймақтарды да қамти отырып, ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Көп ұзамай жоғалған әйел өлі табылды. Облыстық полиция департаменті факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамасының нәтижесінен кейін белгілі болады.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процестік әрекеттер кешені жүргізіліп жатыр, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп түсіндірді өңірлік полициядан.

Бұған дейін 24 маусымда Алматы қаласында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылғаны мәлім болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар