Миллиардер Итемгенов компаниясы Бозжырада визит-орталық, этнокофехана ашпақшы
Миллиардер Қайрат Итемгеновқа тиесілі Pana Asia компаниясы Бозжырадан визит-орталық пен этнокофейня ашты. Бұл туралы Lada.kz жазады.
Туристік орындар ресми түрде жұмысын осы жылдың шілде-тамызында бастауы керек. Кешенде ондаған глэмпинг, қонақүй де болады, этнокофейня деп танылған Tary Coffee де жұмысын бастайды. Визит орталық аумағы 450 шаршы метрді қамтиды, жылына 40 мың туристі қабылдай алады.
Былтыр визит-орталық пен этнокофейня жобасын Тоқаевқа таныстырған еді. Жоспар бойынша, туристік орындар осы жылдың соңына дейін ашылуы керек.
Жаңа визит-орталық пен этнокофейня жобасымен Pana Asia компаниясы айналысады. Бұған дейін олар ел бойынша бес визит-орталық салған. Кейбірі Алматыдағы Аюсайда, Қатон-Қарағайда және Отырарда орналасқан.
Pana Asia, Sandyq Group мейрамханалар желісі, Tary кофеханалар желісі бірігіп Aqniet Group холдингі құрамына кіреді. Оның акционері Қайрат Итемгенов, Forbes Kazakhstan есебі бойынша дәулеті 404 млн доллар деп бағаланған.
Бұл Бозжырадағы алғашқы коммерциялық нысандаре емес. Осы жыл сәуірде Бозжырадан 17 шақырым жерде алғашқы визит-орталық ашылған. Мамырда техникалық режимде жұмыс істей бастады. Визит орталық күніне 45-50 адамнан қабылдап, туристерге қажетте ақпарат ұсынады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, осы жылдың алғашқы үш айында өңірге 67 мыңнан аса адам келген. Ол өткен жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2% көп. Қонақтар негізінен Бозжыраға баруды жөн көреді. Одан әрі Торыш, Көкала жазығын, Шерқала, Айрақты тауын, Қызылқұп және Боқты шатқалдары, сондай-ақ Тұзбайыр сорына барады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Шілде, 12
-
-
-
-
- Шілде, 11
-
-
-
- Шілде, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 шілде 2026