Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әйгілі Наруто енді фильм болып шығады

kz.kursiv.media

Әйгілі Наруто енді фильм болып шығады

Әйгілі «Наруто» анимесінің желісі бойынша фильм түсіреді. Lionsgate студиясы басты рөлдерді ойнайтын актерлерге халықаралық кастинг жариялады.

Картина режиссері – Дестин Дэниел Креттон. Бұған дейін «Шан-Чи және 10 сақинаның аңызы» атты фильмі арқылы танымал болды. Креттон командасы Наруто Узумаки, Саске Учихи және Сакура Харуноның рөлін ойнайтын актер іздеп жатыр.

«Кисимото сенсейдің туындылары бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің талай буынына қанат бітірді. Осы бір ғажайып әлемді тұңғыш рет үлкен экранға шығару – мен үшін үлкен мәртебе», – деп жазды Креттон әлеуметтік желіде.

Масаси Кисимото – «Наруто» мангасының авторы. Ол миллиондаған жанкүйерлердің сүйікті кейіпкерін сомдау үшін нағыз талантты актерлер тобы жиналады деп үміттенеді.

Алдын-ала мәлімет бойынша, түсірілімдер жақын арада басталады. Ал картина 2027-2028 жылдар аралығында жарық көруі мүмкін.

Манга Наруто Узумаки есімді жас ниндзя жайлы, ол өз ауылының басшысы – Хокаге болуды армандайды. Алғаш рет 1999 жылы жарық көріп, тез арада әлемдік хитке айналды. Кейіннен оның желісімен аниме, фильмдер, ойындар және басқа да көптеген өнімдер шығарылды. Манганың жалпы тиражы 60-тан астам елде 250 миллион данадан асып түсті.

Былтыр Freedom Bank Наруто, Бэтмен, Джокер, Рики мен Морти сынды жаһандық кейіпкерлер бейнеленген карталар сериясын ұсынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар