Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр

kz.kursiv.media

Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Астана қаласының Байқоңыр ауданында Алаш тас жолы бойында орналасқан қоқыс полигоны кешеден бері өртеніп жатыр. Оны сөндіруге жүз шақты өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі полигондағы өртті сөндіру қиынға түскені туралы хабарлады.

«Өртті сөндіру жұмыстары қою түтін мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жану ерекшеліктеріне байланысты қиындады. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деп таратты министрлік.

Өртенген қоқысты сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Жұма күні таңертең өрттің оқшауланғаны немесе сөндірілгені туралы ақпарат жарияланған жоқ.

9 шілдеде Баянауыл ұлттық паркі өртеніп, оны сөндіруге тікұшақ пайдаланылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар