Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Катарда төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды

kz.kursiv.media

Катарда төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Катарда бұрынғы әмірі Хамад бин Халифа Әл Танидің дүниеден өтуіне байланысты елде төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Мемлекеттік мекемелер жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы Anadolu агенттігігі хабарлады.

13 шілде дүйсенбіден бастап министрліктерде, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекетке қарасты құрылымдарда жұмыс уақытша тоқтатылады.

Қызметкерлер өз міндеттерін атқаруға 19 шілдеде қайта кіріседі. Сондай-ақ аза тұту кезеңінде Катар бойынша барлық мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Сонымен қатар 74 жасында дүниеден өткен шейх Хамад бен Халифа Әл Таниді ақырғы сапарға шығару ақшам намазынан кейін ел астанасы Доха қаласындағы имам Мұхаммед бен Әбд әл-Уаххаб мешітінде оқылады. Ал оның денесі Лусаил зиратында жерленетіні хабарланды.

Еске сала кетейік, бүгін Катардың бұрынғы әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани 74 жасында дүниеден өтті. Ол Катардың жетінші әмірі және әл Тани әулетінен билікке келген үшінші адам.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар