Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Daryn Online-нан 4 млн адамның жеке дерегі тарағаны туралы ақпарат тексерілуде

kz.kursiv.media

Daryn Online-нан 4 млн адамның жеке дерегі тарағаны туралы ақпарат тексерілуде

Daryn Online платформасының 4,2 млн қолданушысының дербес дерегі тарап кетуі мүмкін деген ақпаратты Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тексеріп жатыр.

ThreatMon киберқауіптерді талдау платформасы сарапшыларының мәліметінше, даркнетте білім беру орталығының деректер базасы бұзылғаны туралы ақпарат пайда болған. Хабарлама авторы оқушылардың, мұғалімдердің және әкімшілердің дербес деректеріне қол жеткізгенін мәлімдейді, соның ішінде мыналар белгілі болған:

«Daryn Online – Қазақстанның EdTech (білім беру мен IT-ді біріктіретін сала. – Автор) секторындағы маңызды ойыншы, ол онлайн-репетиторлық және ұлттық университеттерге түсу емтихандарына дайындық қызметтерін ұсынады. Миллиондаған жазбаларға, соның ішінде кәмелетке толмағандардың деректері мен мұғалімдердің есептік жазбаларына қол жеткізу құпиялылыққа айтарлықтай қауіп төндіреді және білім беру қауымдастығына қарсы мәліметтерінің тарап кетуіне немесе фишингтік шабуылдарға әкелуі мүмкін», – деп жазды сарапшылар.

Жасанды интеллект министрлігі мамандардың деректердің тарап кетуі мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ашық дереккөздерде жарияланған ақпаратты зерттеп жатыр. Тексеру қорытындысы туралы қосымша хабарланады», – деп атап өтті мемлекеттік орган.

Айта кетейік, осыған дейін Қарулы күштері тарихында алғаш рет «Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша запастағы офицерлер даярланғаны туралы жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар