ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді
Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.
Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады. Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, қандай да бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе өзге де қаржылық операцияларды орындауды талап ететін хабарламалар жібереді.
Көбіне мұндай хабарламаларды бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және ұйымның қаражатына қолжетімділігі бар тұлғалар алуы мүмкін.
Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз:
— Сіздің қырағылығыңыз ақшаңызды сақтауға және алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі, — деді ІІМ өкілдері.
- Соңғы
- Шілде, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 12
-
-
-
-
- Шілде, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
14 шілде 2026