Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы зообағында Құрбанкүл атты керқұлан құлындады

kz.kursiv.media

Алматы зообағында Құрбанкүл атты керқұлан құлындады

Алматы хайуанаттар бағында керқұлан құлындады. Құрбанкүл биенің екінші төліне Желмая деген ат қойылды. Керқұлан Қызыл кітапқа енгізілген жабайы жылқы.

Мегаполис әкімдігінің мәліметінше, қазір бие Құрбанкүл, құлыны Желмая және айғыр Мерей мамандардың бақылауында тіршілік етіп жатыр. Олар орналасқан орын зообаққа келушілерге жабық. Қызметкерлер биенің де, құлынның да жағдайы жақсы екенін, төл қалыпты өсіп-жетіліп келе жатқанын айтты.

Керқұлан (Пржевальский жылқысы) – Қазақстанның ғана емес, Табиғатты қорғау халықаралық одағының (IUCN) да Қызыл кітабына енгізілген жабайы жылқының ең сирек түрлерінің бірі.

Қазақстанда керқұлан популяциясын қалпына келтіру үшін 2025 жылы Чехия мен Венгриядан жабайы жылқылар жеткізілген. Биыл маусым айының басында олар Торғай даласына еркіндікке жіберілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар