Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы Есентай өзенінен мұнай қалдықтары табылды

kz.kursiv.media

Алматыдағы Есентай өзенінен мұнай қалдықтары табылды

Алматыдағы Есентай өзенінен мұнай өнімдері төгілгені, нормадан әлдеқайда көп екені анықталды. Бұл туралы қалалық экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков хабарлады.

«Мамандар Есентай, Үлкен және кіші Алматы көлдерін, Ақсай, Басқарасу және Сайран көлін тексеріп шықты. Зерттеу нәтижесі бойынша, Есентай өзенінде мұнай өнімдерінің нормадан көп екені анықталды», – дейді Лесбеков.

Экологтар су сынамаларынан бөлек топырақты да зерттеді. Бірақ оның құрамынан зиянды заттардың шектен тыс көбейіп кеткені анықталмаған.

Дінмұхаммед Лесбековтің мәлімдеуінше, жарты жыл ішінде Алматыда 125 экологиялық тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 58 заң бұзушылық әшкереленді. Материалдарды қарау нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 34 миллион теңге болатын 162 әкімшілік айыппұл салынып, оның 19,5 миллион теңгеден астамы мемлекет пайдасына өндірілді.

Есентайдың ластануы алғаш рет емес. Былтыр өзеннің суы аяқасты қоңыр түске боялып кеткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар