Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

DeepSeek негізін қалаушы Лян Вэньфэннің байлығы 36 млрд долларға жетті

kz.kursiv.media

DeepSeek негізін қалаушы Лян Вэньфэннің байлығы 36 млрд долларға жетті

DeepSeek чат-ботының негізін қалаушы Лян Вэньфэн жасанды интеллект модельдерін әзірлеушілер арасында әлемдегі ең бай кәсіпкер атанды.

Бұл туралы 14 шілдедегі Bloomberg Billionaires Index рейтингінде айтылған.

Нақты айтқанда, Лян Вэньфэннің байлығы 36 млрд долларға бағаланып отыр. Соңғы есептен бері оның дәулеті 16,7 млрд долларға артқан. Bloomberg мәліметінше, бұл көрсеткіш оны Anthropic компаниясының негізін қалаушы Дарио Амодей мен OpenAI президенті Грег Брокманнан әлдеқайда алға шығарған.

Десе де, әлемдегі ең бай адамдардың жалпы рейтингінде Лян 63-орында тұр.

Маусым айының ортасында DeepSeek жасанды интеллект саласындағы Қытайдың ең қымбат стартабына айналды. Компания алғашқы инвестициялық раунд барысында 7,4 млрд доллардан астам қаржы тартқан.

Лян Вэньфэн бұл қаржы жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді жалғастыруға жұмсалатынын айтқан. Ол компания адам ойлауынан да асып түсуі мүмкін технологияларды дамытуға ниетті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар