Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚҚС түсімі 42%-ға өсті: бұл 16%-дық жаңа мөлшерлеменің әсері ме

kz.kursiv.media

ҚҚС түсімі 42%-ға өсті: бұл 16%-дық жаңа мөлшерлеменің әсері ме

Қазақстанда қосылған құн салығынан (ҚҚС) түсетін қаржы күрт көбейді. Биылғы алғашқы алты айда ҚҚС бойынша мемлекеттік бюджетке 3,85 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,9%-ға, яғни шамамен бір жарым есе көп.

Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалпы алғанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджеттің кірісі шамамен 16%-ға өскен.

«Әсіресе қосылған құн салығы бойынша түсімдердің динамикасына назар аударғым келеді. Қосылған құн салығы бойынша кірістер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе өсті», – деді министр.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта трансферттерді есептемегендегі мемлекеттік бюджет кірісі 13,2 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде салық түсімдері 12,6 трлн теңгені құрады. Ал ҚҚС бюджетке ең көп қаржы әкелген салықтардың бірі болды.

ҚҚС түсімінің артуына бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден, елдегі экономикалық белсенділік пен импорт көлемінің ұлғаюы салық базасын кеңейтті. Екіншіден, салықтық әкімшілендіру күшейіп, бюджетке түсетін төлемдердің жиналуы жақсарды.

Сонымен қатар биыл Қазақстанда ҚҚС төңірегіндегі реформа ең көп талқыланған экономикалық тақырыптардың біріне айналды. Үкімет бұрынғы 12% мөлшерлемені 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Жаңа мөлшерлеме келесі жылдан бастап күшіне енеді.

Сондықтан биылғы ҚҚС түсімдерінің айтарлықтай өсуі жаңа 16%-дық мөлшерлеменің нәтижесі емес. Өйткені алғашқы жартыжылдықта бұрынғы 12% пайыз қолданылса, қалған 3 айға 16 пайыздық мөлшерлеме қолданылды.

Тағы да оқыңыз: Жарты жылдың бюджеті: ел қазынасына қанша салық түсті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар