Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана – Петропавл жолындағы апат: жансақтау бөліміне түскен ер адам көз жұмды

kz.kursiv.media

Астана – Петропавл жолындағы апат: жансақтау бөліміне түскен ер адам көз жұмды

Астана-Петропавл трассасында автокөліктің өртенуі кезінде зардап шеккен ер адам ауруханада көз жұмды. Ол көлікте аман қалған жалғыз жолаушы еді.

Қайғылы оқиға 14 шілде күні Жаңаталап ауылының маңында болған. Астана-Петропавл автожолында автокөлік өртенген болатын.

Апат салдарынан оқиға орнында үш адам, оның ішінде бір бала қаза тапты. Өрттен аман қалған жалғыз жолаушы денесін күйік шалып, Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілген болатын.

Бұған дейін басқарма өкілдері ер адамның жансақтау бөлімінде өте ауыр халде жатқанын хабарлаған еді. Денесінің басым бөлігі күйіп кеткендіктен, науқасты басқа емханаға тасымалдау мүмкін болмаған. Дәрігерлер оған күйік шогы диагнозын қойды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар