Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Алдымыздан өткен жоқ»: Ұлдана Мырзуаның анасы мәлімдеме жасады

kz.kursiv.media

«Алдымыздан өткен жоқ»: Ұлдана Мырзуаның анасы мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуаның өліміне қатысты және оның экс-жұбайы Зейнел Әділеттің араға 8 ай салмай қайта отбасын құруы туралы талқылаулар өршіп тұр. Осыған байланысты марқұмның анасы Салима Ершанкулқызы бұқара халық пен журналистер тарапынан түсіп жатқан толассыз сұрақтарға жауап беріп, ресми мәлімдеме жасады.

Марқұмның анасы Әділеттің бұл іс-әрекеті отбасы үшін күтпеген жағдай болғанын атап өтті:

«Мен Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының анасы — Салима Ершанкулқызымын. Көпшіліктің сұрауы бойынша алдарыңызға шығып отырмын. «Әділеттің бүгінгі іс-әрекеті бойынша алдарыңыздан өтті ме?» деп жатыр. Жоқ, алдымыздан өткен жоқ. Ата-анасы да, үлкендері де алдымыздан өткен жоқ», — деді анасы.

Салима Ершанкулқызы қызының өліміне қатысты жүріп жатқан тергеу барысы мен отбасылық мүлікке қатысты жайттарды да ашып айтты.

Тергеу барысында Әділет жәбірленуші болып танылған. Анасы Әділеттің енді жәбірленушімәртебесінен бас тартуын талап етіп отыр.

Сондай-ақ, марқұмның өз ақшасына алған көлігі 18 қарашадан бастап 22 шілдеге дейін Әділеттің иелігінде болған. Тек 22 шілдеден бастап қана бұл автокөлік Ұлдананың ата-анасының атына аударылған.

Анасы сөз соңында қызының заңды мүдделерін ақырына дейін корғауға өз ниетін білдірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар