Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жасанды жаңбыр шақыру технологиясы Қазақстанның барлық аймағына енгізілуі мүмкін

kz.kursiv.media

Жасанды жаңбыр шақыру технологиясы Қазақстанның барлық аймағына енгізілуі мүмкін

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) мамандары Түркістан облысында қазақстандық әріптестерін жасанды жауын-шашын шақыру технологиясына үйретіп жатыр.

Болашақта бұл тәжірибені Қазақстанның барлық өңіріне енгізіп, кейін Орталық Азия елдеріне бөлісу жоспарланған. Бұл туралы «Курсивтің» сауалына Цифрлық үкіметті қолдау орталығы мәлімдеді.

Орталықтың мәліметінше, жоба әзірге пилоттық кезеңде. Дегенмен, қазақстандық мамандарды оқыту аяқталғаннан кейін елде осы бағыттағы дербес инфрақұрылым қалыптасады.

Қазір БАӘ мамандары қазақстандық сарапшыларды метеорологиялық талдау жүргізуге, ұшу миссияларын жоспарлауға, жауын-шашынды жасанды түрде көбейту технологияларын қолдануға және олардың тиімділігін бағалауға үйретуде.

Жинақталған тәжірибе кейін Қазақстанның өзге өңірлеріне таратылмақ. Сонымен қатар, алдағы уақытта Түркістан облысы жасанды жауын-шашын технологиясы бойынша мамандар даярлайтын және Орталық Азия елдерімен тәжірибе алмасатын өңірлік орталыққа айналуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда жасанды жаңбыр шақыру жобасы БАӘ қаржыландыруымен жүзеге асып жатқаны хабарланған болатын.

Түркістанда жасанды жаңбыр жаудыру үшін 20 рет тәжірибе жасалған

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар