Дастан Сәтбаев EA Sports FC 27 ойынына енгізілді
Дастан Сәтбаев әйгілі EA Sports FC 27 (бұрынғы FIFA) футбол симуляторының деректер базасына ресми түрде енгізілді. SoFIFA порталының мәліметінше, жас таланттың бастапқы рейтингі 66, ал өсу потенциалы 82 деп бағаланып отыр.
Дастанның ойынға қосылуына оның негізгі құрамдағы сәтті дебюті себеп болды. Sydney Super Cup халықаралық турнирі аясында австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы өткен матчта «ақсүйектер» сапында алғаш рет алаңға шығып, бірден гол соққан еді.
Еске сала кетейік, EA Sports FC 27 футбол симуляторының тұсаукесері 25 қыркүйегіне жоспарланған. Соған қарамастан, виртуалды футбол әуесқойлары SoFIFA порталы арқылы отандық футболшының көрсеткіштерімен қазірдің өзінде таныса алады.
Оқи отырыңыз: Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» келесі ойыны қашан өтеді
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 30
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
31 шілде 2026