Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкент гарнизонында әскери техникалар тексерілді

kz.otyrar.kz

Шымкент гарнизонында әскери техникалар тексерілді

Ішкі қызметті ұйымдастыру кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімінің әскери қызметшілері гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің әскери автомобиль техникасы тұрақтарының жай-күйіне тексеру жүргізді.

Іс-шара әскери көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери қызметшілердің қатысуымен болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Тексеру барысында автомобиль техникасын пайдалануға жауапты тұлғаларға әскери автомобиль техникасын пайдалану тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың талаптары жеткізілді.

Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімінің аға маман-жүргізуші инспекторы ефрейтор Бағлан Доктырбай атап өткендей, тексерудің негізгі мақсаты — әскери техниканың техникалық жай-күйіне жан-жақты және объективті баға беру, оның белгіленген нормативтерге сәйкестігін тексеру, сондай-ақ күнделікті қызмет пен оқу-жаттығу міндеттерді орындау жағдайында пайдалану қауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер етуі мүмкін ықтимал бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жою.Тексеруге жеке құрамды тасымалдауға арналған барлық техникалар ұшырады. Көлік құралдарының сыртқы түріне ерекше назар аударылды. Жүргізушілерден әскери билеттер мен бекітілген көлік құралын басқару құқығын растайтын белгісі бар жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы тексерілді.

— Мұндай тексеру іс-шаралары көлік құралдарының, арнайы және броньдалған техникасының техникалық жай-күйі мен жабдықталуының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, оларды пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жүргізушілердің қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде жол жүрісіне қатысуына жолдама беруді бақылау мақсатында тұрақты түрде өткізіледі, — деп атап өтті ефрейтор Бағлан Доктырбай.

Тексеру Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде әскери техниканың кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын екенін, оның жоғары қауіпсіздік дәрежесі қамтамасыз етілгенін және кез келген қойылған міндеттерді орындауға қабілетті екенін көрсетті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар