Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда оңтүстіккореялық технологиямен дрон шығарылады

kz.kursiv.media

Павлодарда оңтүстіккореялық технологиямен дрон шығарылады

Павлодарда Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен жобасы аясында ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаратын өндіріс ашылады.

Pavlodarnews.kz хабарлауынша, бұл туралы Kazakhstan Korea Drone System компаниясының бас директоры Ержан Әуезов мәлімдеген. Оның айтуынша, жобаның басты ерекшелігі – оңтүстіккореялық технологияларды Қазақстанға трансферлеу. Алдағы уақытта дрондардың корпусы мен бөлшектерін отандық шикізаттан өндіру жоспарланған.

Кәсіпорын жылына ұшақ үлгісіндегі және квадрокоптер түріндегі мыңға дейін дрон шығаруға қауқарлы болады. Олар төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою, мұнай-газ құбырлары мен өзге де инфрақұрылым нысандарын бақылау үшін қолданылады.

Компания өнімдерін болашақта Қазақстаннан бөлек Орталық Азия елдері мен Еуропа нарығына экспорттау көзделіп отыр.

Өндірісте үш сағатқа дейін үздіксіз ұшатын барлау дрондары мен картографияға арналған ұшқышсыз аппараттар да шығарылады. Сонымен қатар кәсіпорын инженерлері әзірлеген «Ертіс» аэроқайығы, жол талғамайтын баггилер мен тіркеме техникаларын сериялық өндіріске шығару жоспарланып отыр.

Айта кететін жайт, бұған дейін қазақстандық курсант дұшпан дрондарын бұғаттайтын құрылғы ойлап тапқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар