Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Алматы жастары» бағдарламасы: Биыл жолдама кезең-кезеңімен беріледі

kz.kursiv.media

«Алматы жастары» бағдарламасы: Биыл жолдама кезең-кезеңімен беріледі

«Алматы жастары» бағдарламасынан өткендерге жолдама биыл кезең-кезеңімен беріледі. Бұл кезектің алдын алу үшін істелген.

Бағдарламаға қатысу үшін барлығы 5 363 өтінім түсіп, 3 968 өтінім мақұлданған. Биыл бағдарлама аясында кемінде 1 650 тұрғын үй несиесін беру жоспарланған.

«Дәл осы мөлшердегі қатысушылар төлем қабілеттілігін растау үшін «Отбасы банк» АҚ-на жолдама алады. Кезектің алдын алу мақсатында жолдамалар кезең-кезеңімен апта сайын 550 қатысушыға беріледі», – делінген хабарламада.

Төлем қабілеттігін расталғандар 45 күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан пәтер таңдауға тиіс. Төлем қабілеттігін растай алмай немесе белгіленген мерзімде пәтер таңдап үлгермей қалғандар тізімнен шығарылып, жолдама оң қорытынды алған келесі үміткерге беріледі.

Оқи отырыңыз: «Алматы жастарымен» қандай пәтер алуға болады

Қала әкімдігі 1 395 өтініш берушіге меншігінде соңғы 5 жылда үй болуы немесе соңғы алты айда міндетті зейнетақы жарналарының аударылмауына байланысты теріс жауап берілгенін жеткізді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар