Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

15% акциясын сатып алады: түрік инвесторы Алматы әуежайының толық қожайыны атанбақ

kz.kursiv.media

15% акциясын сатып алады: түрік инвесторы Алматы әуежайының толық қожайыны атанбақ

Түріктің TAV Airports компаниясы Алматы әуежайын бақылайтын Almaty Airport Investment Holding B.V. холдингінің қалған 15% үлесін 133 миллион долларға сатып алмақ. 15 пайыз үлес «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы – Qazaqstan Investment Corporation-ге тиесілі болған.

Мәміле толық аяқталған соң, турік холдингі әуежайдың 100% толық иесі атанады.

Бұл шешім 2021 жылы жасалған акционерлік келісімге сүйеніп қабылданды. Соған сәйкес, VPE Capital-ды басқаратын KIF Warehouses Coöperatief U.A. қоры өзіне тиесілі 15% үлесті кері сатып алуды талап ету құқығын (put option) пайдаланған. Ал TAV компаниясы бұл үлесті өзінің еншілес Aviator Netherlands B.V. фирмасы арқылы сатып алады.

TAV Airports өкілдері Алматы әуежайының тұрақты дамып келе жатқанын және Орталық Азиядағы ең басты авиациялық хабтардың бірі ретінде өз орнын нығайтып жатқанын атап өтті. Келісімшарт толық жүзеге асқаннан кейін TAV Airports мекемесі Алматы әуежайын басқаратын холдингтің жалғыз қожайыны болады.

Алматы әуежайы 2021 жылдан бері TAV Airports халықаралық холдингінің құрамына кіреді. Оған дейін аталған нысан Venus Airport Investments B.V. компаниясының иелігінде болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар