Жан-Клод Ван Дамм Ыстықкөлге келеді
Ыстықкөлде өтетін Formula 1 H2O жарысына әлемге танымал актер Жан-Клод Ван Дамм келеді деп күтілуде.
Kaktus.media ақпаратына қарағанда, бұл туралы Қырғызстанның Су-мотор спорты федерациясының президенті Айбек Абылқасымов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жарысқа Джеки Чан да шақырылған.
«Оған бірнеше рет шақыру жібердік. Алайда жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты оның қатысуы әзірге нақты емес. Бұл мәселе әлі де қарастырылып жатыр. Күтудеміз, бірақ әзірге ешқандай кепілдік бере алмаймыз», – деді ол.
Абылқасымовтың сөзінше, шақыру Криштиану Роналдуға да жолданған. Алайда футболшы әзірге қатысатынын растаған жоқ.
«Дегенмен актер Жан-Клод Ван Даммның келуі күтілуде. Ол үшін Мадридтен арнайы ұшаққа алдын ала тапсырыс берілді», – деді федерация басшысы.
Еске салсақ, 2026 жылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Ыстықкөл облысының Бает ауылында Formula 1 H2O Grand Prix of Kyrgyzstan – Issyk-Kul 2026 халықаралық жарысы өтеді.
Айта кететін жайт, актер Джеки Чан Маңғыстауда «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің негізгі түсірілімін бастады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 шілде 2026