44 градус, бұршақ және шаңды дауыл: ескерту жарияланды
Шілденің аяғында Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық болады. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, бірнеше өңірде бұршақ жауады. Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады.
30 шілде мен 1 тамыз аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, сонымен бірге Қызылорда және Түркістан облыстарында қатты ыстық болады. Өрт тұтану қаупі бар.
Бейсенбі күні күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың орталығында, шығысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
30 шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі.
Түркістан облысында да шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Күндіз 40-42 градус ыстық. Өрт шығуы мүмкін.
Бейсенбі күні Астана қаласында 35 градусқа дейін ыстық болады. Өрт шығуы мүмкін. Ал Шымкент қаласында жел соғады – екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз облыста 40 градус ыстық болады.
30 шілдеде Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады. Шығыста жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында да жаңбыр мен бұршақ жауады. Солтүстікте ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында да жаңбыр мен бұршақ жауады деп болжанды. Ал Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр болжанды. Найзағай ойнайды. Жел тұрады. 38 градус ыстық. Алматы облысында жел тұрып, 36 градус ыстық болады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 шілде 2026