Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атыраудағы зауыт құрылысы алаңына 100 метрлік ірі бағана жеткізілді

kz.kursiv.media

Атыраудағы зауыт құрылысы алаңына 100 метрлік ірі бағана жеткізілді

Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен зауытының құрылыс алаңына 100 метрлік ірі бағана жеткізілді. Ол елдегі кәсіпорындардың бірінде дайындалған.

Жергілікті тұрғындардың назарын бірден өзіне аударған ұзын фракциялау бағанасы – пиролиз қондырғысының негізгі элементі. Дәл осы жерде полиэтилен өндіруге арналған негізгі шикізат – этиленді бөлу процесі орындалады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының мәліметінше, бағананың биіктігі – 101,8 метр. Бұл шамамен 30 қабатты тұрғын үйдің биіктігімен пара-пар. Диаметрі – 7,5 метр. Ал салмағы – шамамен 1 500 тонна.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жабдық күндізгі уақытта сағатына шамамен 2–4 км жылдамдықпен жеткізілді.

Бағана «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалды.

Полиэтилен зауытын «Силлено» бірлескен кәсіпорын салып жатыр. Жобаны Қазақстан, Қытай және Ресейдің жетекші мұнай-химия компаниялары бірлесіп жүзеге асырады. Зауыт жылына 1,25 млн тонна өнім шығарады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар