Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«102» шұғыл желі операторын балағаттаған ер азамат сотталды

kz.kursiv.media

«102» шұғыл желі операторын балағаттаған ер азамат сотталды

Астана қаласының бір тұрғыны полицияның «102» шұғыл арнасына қоңырау шалу барысында операторды балағаттаған. Іс сотқа жетіп, үкім шығарылды.

Тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл жәрдем қызметкерін балағаттаған астаналықтың үстінен «Билік өкiлiн қызмет атқару кезiнде қорлау» бабы негізінде іс қозғалған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен тәртіп бұзушыны 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы «102» шұғыл желі қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаратынын мәлімдеді. Құзырлы мекеме билік өкілін қызмет атқарып жүрген уақытта қорлағандар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар