Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада 6,5 миллиард теңгеге жаңа емхана салынады

kz.kursiv.media

Қызылордада 6,5 миллиард теңгеге жаңа емхана салынады

Қызылорда қаласында жаңа емхана салуға және оны техникалық жабдықтауға қайтарылған активтер есебінен 6,5 млрд теңге бөлінді.

Жаңа емхана Қызылорданың теміржол сыртындағы ауданының тұрғындары үшін салынады. Қолданыстағы медициналық мекеме 1966 жылы салынған әрі тозығы жеткен ғимаратта орналасқан.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ауысымына 400 пациентке дейін қабылдай алады және ауданның 35 мыңнан астам тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.

Жаңа емхана құрамында ересектер мен балаларды қабылдау бөлімшелері, жалпы тәжірибелік дәрігерлік бөлім, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және фильтр-бокстар жұмыс істейді.

Емхана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, соның ішінде компьютерлік томографпен, ультрадыбыстық диагностика (УЗИ) аппаратымен, рентген құрылғыларымен және басқа да техникалармен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта нысанда шатыр плиталарын бетондау және бірінші қабаттың ішкі кірпіш қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр Құрылысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, үкімет мәліметінше, 2024–2026 жылдар аралығында Арнайы мемлекеттік қордан жалпы сомасы 610 миллиард теңгеге 500-ден астам әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінді. Оның 170 миллиард теңгеден астамы денсаулық сақтау саласындағы 191 жобаны іске асыруға бағытталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар