Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана әуежайы авиаотын жеткізушілерден заңсыз алым жинаған

kz.kursiv.media

Астана әуежайы авиаотын жеткізушілерден заңсыз алым жинаған

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев артындағы халықаралық әуежайы» авиаотын жеткізушілерден заңсыз алым алып келген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыму агенттігі хабарлайды.

Осылайша әуежай монополияға қарсы заңды бұзған. Әуежай авиаотын жеткізушілерден әуелде тоннасына 16 мыңна аса алым жинап келсе, кейіннен бұл сома 77 852 теңгеге жеткен. Одан кейін қайтадан 60 теңге шамасына түскен.

Агенттік «бұл жайт нарық қатысушыларының шығындарын арттырып, авиациялық отын бағасының өсу тәуекелдерін туындатқан» деп тұжырымдайды.

Тергеп-тексеру қорытындысын бірінші сатыдағы сот заңды деп таныған.

Астана әуежайы қалалық әкімдікке қарайды. 2023-2025 жылдар аралығында әуежай араб компаниясына сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Алайда бұл келісімшарт мерзімі ұзартылмаған.

Астана халықаралық әуежайы алдағы жылдары жолаушыларға қызмет көрсету сапасы бойынша Skytrax рейтингінде әлемнің үздік 100 әуежайының қатарына кіруді жоспарлап отырғанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар