Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауда 10-қабаттың сыртқы терезе жақтауына шығып кеткен бала құтқарылды

kz.kursiv.media

Ақтауда 10-қабаттың сыртқы терезе жақтауына шығып кеткен бала құтқарылды

Ақтауда 10-қабаттың сыртқы терезе жақтауына шығып кеткен кішкентай баланың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы полицияға хабарлама түсті.

Polisia.kz ақпаратына қарағанда, ақпарат түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жеткен.

«Полицейлер келген сәтте жағдай аса қауіпті болды. Кәмелетке толмаған бала терезеге шығып алып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел, батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды», – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, бүлдіршін аман-есен құтқарылды. Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ержан Көкенов пен Данияр Татиев баланың өмірі сақтап қалған.

Айта кететін жайт, Алматыда бесінші қабаттан құлаған төрт жасар бала аман қалған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар