Ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне төленетін үстемеақы екі есеге артады
Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыр еңбек етіп, жұмыста жоғары жетістіктерге жеткені үшін ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне берілетін үстемеақы мөлшерін арттыру қажет деп есептейді.
Осыған орай, министрлік үкіметке қаулы жобасын ұсынды. Бұл құжат бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақы жүйесін өзгертуді көздейді.
Құжаттың негізгі мақсаты қызметкерлердің лауазымдық жалақысының 100%-ына дейінгі мөлшерде үстемеақы бекіту.
«Жобада мекемені дамытуға бағытталған жұмыс, тәжірибеде озық әдістерді қолдану, жұмыстағы жоғары жетістіктер, ерекше маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындау, сондай-ақ еңбектің күрделілігі мен қауырттығы үшін берілетін үстемеақы мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 50%-ынан аспайтын мөлшерден, лауазымдық жалақының 100%-ына дейін арттыру қарастырылған», – делінген құжатта.
АШМ жобаның қабылдануы мемлекеттік сорт сынау жүйесіндегі қызметкерлердің ынтасы мен қызығушылығын арттырып, кадрлық әлеуетті сақтап қалуға және жаңа білікті мамандарды тартуға көмектесетінін атап өтеді.
Құжат қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында 17 тамызға дейін жарияланды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 30
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
31 шілде 2026