Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сербияда 24 жастағы қазақ қызы көз жұмды: СІМ жағдайды бақылауға алды

kz.kursiv.media

Сербияда 24 жастағы қазақ қызы көз жұмды: СІМ жағдайды бақылауға алды

Сербияның Белгард қаласында 24 жастағы Қазақстан азаматы көз жұмды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен де тұрақты байланыста болып, оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Сыртқы істер министрлігі Сербияда қайтыс болған отандасымыздың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Марқұмның әкесінің айтуынша, қызы хабар-ошарсыз кеткеннен кейін ол Белградқа барып, оның қайтыс болғанын білген. Отбасы оқиғаның мән-жайын анықтап, денесін Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отыр.

Не болды?

Сонымен қатар туыстарының айтуынша, қыз Белградтағы тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап қайтыс болған. Жақындары бұл қайғылы оқиғаға мұқият тергеу қажет деп санайды және оның жазатайым оқиға емес екенін де жоққа шығармайды.

Марқұмның әкесі видеоүндеу жариялап, қызының өліміне қатысты сұрақтары бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл оқиғаға В. есімді жігіт пен бірнеше бойжеткеннің қатысы болуы мүмкін.

СІМ бұл мәселе ведомствоның бақылауында екенін хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар