Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақ оқушылары Информатика олимпиадасында үш медаль алды

kz.kursiv.media

Қазақ оқушылары Информатика олимпиадасында үш медаль алды

Қазақстан құрамасы информатикадан Еуропа жасөспірімдер олимпиадасында үш медаль және бір грамота алды. Жарысқа 25 елден жүзден астам оқушы қатысты.

Олимпиада Литваның Каунас қаласында 24-30 шілде аралығында өтті. Оған 16 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысты. Жарыс дарынды балаларды бағдарламалау, алгоритмдеу және компьютерлік ғылымдар бағытындағы қабілеттерін дамытуға арналған.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан намысын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың информатика пәнінен жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен жасақталған ұлттық құрама қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және бір қола медаль, сонымене бірге бір мақтау грамотасын иеленді.

Ұлттық құраманы Темірлан Сатылханов пен Арман Исаев дайындады.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы дәл осы олимпиадада 1 күміс және 3 қола медаль иеленген. Биыл қазақ оқушысы алтын алды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар