Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Ыстықкөлдегі «Баку» қонақүйінің ашылу салтанатына қатысты

kz.kursiv.media

Тоқаев Ыстықкөлдегі «Баку» қонақүйінің ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ыстықкөл жағалауындағы бес жұлдызды Baku Resort & Spa қонақүйінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара 31 шілдеде Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының бейресми Консультативтік кездесуі аясында өтті, деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.

Тоқаевпен бірге жаңа қонақүй кешенін Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан президенттері аралады. Ел басшыларына қонақүйдің негізгі нысандары, нөмірлері және іскерлік, мәдени әрі сауықтыру іс-шараларын өткізуге арналған инфрақұрылымы көрсетілді.

Кешен 17,2 гектар аумақты алып жатыр. Оның құрамына ауданы шамамен 30 мың шаршы метр болатын жеті қабатты ғимарат кіреді, онда 120-дан астам нөмір жабдықталған. Сондай-ақ, аумақта коттедж, конгресс-холл, сауықтыру орталығы, бассейн, аквапарк, спорттық және ойын-сауық нысандары, сонымен қатар абаттандырылған жағалау аймағы орналасқан.

Baku Resort & Spa туристерді, ресми делегацияларды жыл бойы қабылдауға және халықаралық іс-шараларды өткізуге арналған.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі бұл жоба қырғыз-әзербайжан инвестициялық ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылғанын атап өтті. Оның іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және Ыстықкөл облысының туристік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстандағы Орталық Азия елдері мен Әзербайжан лидерлерінің бейресми кездесуіне қатысқанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар