Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бибісара Асаубаева ақшасы мен құжаттарын АҚШ-та жоғалтып алды

kz.kursiv.media

Бибісара Асаубаева ақшасы мен құжаттарын АҚШ-та жоғалтып алды

Әлемнің үш дүркін чемпионы (блиц) Бибісара Асаубаева Құрама Штаттарда ірі шахмат турниріне бара жатып, ақшасы мен құжаттарын жоғалтып алды. Әмияннің ішінде оның ең жақын адамының қолмен жазған хаты да болған.

Әйгілі шахматшыны қатты өкіндірген оқиға Бибісараның АҚШ-тағы екі ірі қала арасындағы сапары кезінде болды.

«Майамиден Сент-Луис қаласына ұшуға бара жатып, ішінде ақша, банк карталары және жеке куәлік бар әмиянімді қонақ үйде қалдырып кетіппін», – деп жазды шахматшы.

Бибісара тура бір жыл бұрын Вашингтоннан дәл осы Сент-Луиске бара жатқан жолда банк карталары мен 500 долларын ұрлатып алғанын есіне түсірді.

«Ақша келеді-кетеді. Дегенмен оны жоғалту көңіл-күйді түсіреді. Ақша болмаса да, әмиянімді қайтарып берсе екен. Өйткені оның ішінде жеке куәлік қана емес, маған өте жақын адамның өз қолымен жазған хаты да бар», – деді Асаубаева Сент-Луистегі қонақ үйге орналасқаннан кейін.

Алайда Құрама Штаттардағы бұл оқиға хэппи-эндпен аяқталды: Бибісара жоғалған әмиянды шабандарының бірінің ішінен тауып алды.

«Қолдауларыңызға рахмет. Әмиян үш шабаданның бірінің ішінен шықты. Әбден шаршағандықтан кеше таба алмасам керек. Бірақ қонақ үйге хат жазып, хабарласқаннан кейін ғана табылғанын қарашы», – дейді шахматшы қыз.

Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтетін супертурнирге қатысады. Әлемнің ең мықты шахматшылары шақыртылған жарыс 8-21 тамыз аралығында өтеді.

Осы аптада Бибісара өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаровпен қай уақыттан бері дос екенін айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар