Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иран Ормұз бұғазында АҚШ әуе күштері қорғап келе жатқан танкерлерге соққы жасады

kz.kursiv.media

Иран Ормұз бұғазында АҚШ әуе күштері қорғап келе жатқан танкерлерге соққы жасады

Ормуз бұғазында кезекті әскери шиеленіс орын алды. 2026 жылдың 31 шілдесінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) АҚШ әскери-әуе күштері қорғап келе жатқан екі мұнай танкеріне соққы бергенін ресми түрде хабарлады.

Иран тарапының мәлімдеуінше, оқиға жұма күні таңертең болған. Екі танкер Тегеранның арнайы рұқсатынсыз және белгіленген ережелерді сақтамай, Ормұз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген.

Аймақтағы Иран әскерилері ескерту жасағанымен, кемелер оны елеусіз қалдырған. Осыдан кейін КСИР күштері танкерлерге соққы жасаған. Иран тарапы бұл әрекетті өздерінің теңіз шекарасы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында жасалған амал деп түсіндірді.

Бұл оқиға Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы бар су жолындағы жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. Оның үстіне танкерлерге АҚШ әскерилері әуеден қолдау көрсетіп келгендіктен, бұл жағдай АҚШ пен Иран арасындағы текетіресті жаңа деңгейге шығаруы мүмкін деген қауіп бар.

Бұған дейін Иран Ормұз бұғазын бірлесіп басқару ұсынысынан бас тартқан еді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Оман Парсы шығанағы елдері қолдаған жаңа жоспарды ұсынған. Ол бойынша стратегиялық бұғазды бірнеше мемлекет қатысатын ортақ механизм арқылы басқару көзделген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар